Гуандун апелляциялық сот шешімі ҚХР-да істі болған Қазақстан азаматшасы Ақжарқын Тұрлыбайдың ісін бірінші сатыдағы сотқа қарауға жіберді, деп хабарлайды Qamshy.kz
Қазақстанның сыртқы істері Министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2016 жылдың 6 мамырында Гуандун апелляциялық соты ҚХР қылмыстық ісі бойынша есірткі контрабандасымен айыпталған Қазақстан азаматшасы Ақжарқын Тұрлыбайдың ісін бастады.
«Сот Ақжарқын Тұрлыбайдың өмір бойы бас бостандлығынан айыру үкімінің күшін жойды. Және істі қайтадан қарау үшін бірінші сатыдағы сотқа жіберді. Қаулы Гундун сотына шағымдануға және наразылық білдіруге жатпайды және дереу күшіне енеді", - делінген ведомствоның хабарламасында.
Хабарламада айтылғандай, ҚР сыртықы істер Минстрлігінің өкілі, Қазақстан елшілігінің Қытайдағы консулы Б.Сырлыбаев, адвокат С.Нұрмағамбетов және қытай адвокаттары Сяо Чжаньдэ мен Фэн Чжицзянь қатысқан.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандық 20 жасар студент Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Гуанчжоу әуежайында есірткімен ұсталған.
Бұған дейін хабарланғандай, Ақжарқын Тұрлыбайды сәуір айында Қазақстанға ауыстыру туралы Қытаймен келіссөздер жүрген. Қазақстандық студент Қытай сотымен өмір бойына сотталған болатын, ҚР СІМ сәуір айына апелляциялық сотқа шағымданған.
Есірткі контрабандасымен айыпталған қыз өзінің белгісіз біреулерге алданып қалғанын айтқан болатын.
Пікір қалдыру