Қарағандыда ұшқыштар мен танкистер, атқыштар мен десанттар, теңізшілер мен партизандар бақ сынасты. Бірақ бір- бірін жағадан алып емес, бөлек-бөлек хор құрып, ән шырқаудан кім мықтыны анықтады, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Әскери құрылымдардың түр-түрінің киімін киіп алғанның барлығы да Қарағанды облысының полицейлері. Бұл жолы олар саны аз қалған ардагерлердің көңілін осылай ауламақ болыпты. 200-ден аса полицей қатысқан хор сайысында 1-ші орынды Теміртаудың полицейлері, екіншіні партизан киіміндегі Шет ауданы иеленсе, үшінші орынды ұшқыштарды сомдаған Жезқазған өңірінің тәртіп сақшылары алды.
Пікір қалдыру