Оңтүстік Қазақстан облысында бір топ жұмысшылар 6 айлық еңбекақыларын ала алмай жүр (Видео)

/uploads/thumbnail/20170709010208740_small.jpg

Оңтүстік Қазақстан облысында «Береке корпорациясы» компаниясының бір топ жұмысшылары 6 ай бойы атқарған жұмыстарының төлемақысын ала алмай отырғандарына қатысты шағымданды, - деп хабарлайды Qamshy.kz  31 арнаға сілтеме жасап.

Ал аталмыш компанияның өкілдері болса, барлық кінәрат алдымен жұмыс ауқымын жасатып алып, кейін ақша төлеуден жалтарып отырған басқа мекеменің әрекетінде деп отыр.

Көпір мен жол құрылысында еңбек етіп, маңдай терімен тапқан нәпақасына қол жеткізе алмай отырған бір топ жұмысшы Оңтүстікте шу көтерді. Оларды өздері еңбек ететін шымкенттік «Береке» корпорациясының басшылығы қарыз мекемеге ертіп келген. Айтуларынша, қомақты жұмыс ауқымын жасатып алған компания, оларға ақша төлеуден жалтарған.

«2013 жылдан 2016-ға дейін алғанда «АКМ Планум» мекемесі 84 миллион теңге, ал «АКМ Жол» дегені бар, солардың дочерняя мекемесі, соны қосқанда жалпы сомасы 150 миллион теңге қарыз» дейді «Береке Корпорациясы» ЖШС заңгері Дәуренбек Артықбаев.

«Береке» жұмысшылары ақша төлеуден жалтарған  компанияның ісінен хабардар екендіктерін айтады. Алайда мұнда жиналған олар алты ай бойына атқарылған адал еңбектің төлемінен негізсіз жалтарғандарды көзбен көргіміз келді дейді. Оның үстіне жалтарушы мекеме сот орындаушысын да санын соқтырып, есепшотын күнде ауыстыратын көрінеді. 

Ордабасы ауданында асфальт зауытын орнатып, жол салушы «АКМ Планум» мекемесіне «Берекенің» жұмысшылары келіп шу көтеруде дегенді естігеннен кейін бе, олардың өкілдері тез табыла қойды. Ақшаны төлеуден жалтармаймыз, сот шешімін орындауға міндеттіміз, тек кесте түзіп, бөліп төлейтін боламыз дегенді кесіп айтты.

«Иә, келімемін. Рас, біз қарызбыз. Белглі бір мерзім берілген. Біз қарыздан қашпаймыз. Тек бізге жұмыс көлемін анықтап, есептеуге біраз уақыт керек» дейді «АКМ Планум» ЖШС жоба жетекшісі Мұхит Баймағанбетов.

Үлкен көлемде құрылыс жасатып, қарызын бермеген компанияның бұл уәдесіне азаматтар күмәнмен қарап отыр. Себебі мұндай сөзді бұған дейін де естігенбіз дейді. Өкілдігі осында, ал басшылығы Астанада орналасқан қарыз мекеме қазір Темірланда жол төсеуде екен. Сондықтан, жұмыс ауқымы біткенше бермесе, кейін жоқ болады ма деп қауіптеніп отыр шағымданушылар.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар