Бүгін Астанада Отан қорғаушылар күніне арналған әскери марш өтті. ҚР Қарулы күштерінің әскерилері соғыс жылдарындағы әндердің сүйемелдеуімен елорданың көшелері арқылы жаяу жүріп өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz Baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Әскери марш екі сапқа бөлінді. Біреуі Астананың сол жағалауымен жүріп өтті. Сарбаздар «Бәйтерек» монументінен Қонаев, Достық көшесі арқылы «Ақ мешітке» қарай сап түзеп жүрді.
Ал екінші жаяу марш қаланың оң жағалауындағы Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионнан басталып Жеңіс даңғылы арқылы Әлия Молдағұлова ескерткішінет бет алды.
Астана сарбаздары елорда көшелері арқылы әскерилері соғыс жылдарындағы әндердің сүйемелдеуімен жүріп өтті. Ал қала тұрғындары мен қонақтары көпке белгілі "Катюша", "День победы" әндерін әсерилермен бірге қосылып шырқады.
Жалпы, Отан қорғаушылар күніне арналған әскери жаяу маршқа 300-ге жуық сарбаз қатысты.
Пікір қалдыру