Дариға Назарбаева Үкімет жанынан жер реформасын түсіндіретін Саll орталық құратын болды

/uploads/thumbnail/20170709010216255_small.jpg

Дариға Назарбаева Үкімет жанынан Саll-орталық құратын болды. Кеше премьер-министр Кәрім Мәсімовтің жетекшілігімен өткен Үкімет отырысында оған осындай тапсырма жүктелді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Үкімет басшысы жер мәселесіне қатысты бірқатар тапсырмалар қойған. Атап айтқанда, вице-премьер Дариға Назарбаева Үкімет жанынан жер реформаларын түсіндіру бойынша біріңғай Саll-орталық құру туралы ұсыныс енгізуге міндеттелді.

«Жауапты тұлғаларды бекітіп, бірде-бір сұрақтың жауапсыз қалмауын қарастыру керек. Әрбір басшы өз өкілеттігі шегінде қоғамдағы реформаларға қатысты ахуалды талдап, өз қызметтеріне тиісті өзгертулер енгізулері қажет», - дейді К. Мәсімов.

Премьер-минситр орталық және жергілікті атқарушы органдарға мемлекет басшысы жариялаған мораторийдан шығатын, қысқа мерзім ішінде бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаев басқаратын комиссияның тиімді жұмысына қажет шараларды қабылдауды тапсырды.

Осы жиында алдағы уақытта жер қатынастары мәселелері Ұлттық экономика министрлігінің қарауынан алынып, Ауылшаруашылық министрлігінің құзырына өтетіні айтылды.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі міндетті медициналық сақтандыру, Білім және ғылым министрлігі үш тілді оқыту мен демалыс мерзімін ұзартуға қатысты қоғамдық пікірді зерттеу бойынша тапсырмалар алды.

Естеріңізге салсақ, президент Н. Назарбаев «Жер кодексіне» енген бірқатар өзгерістерге жыл соңына дейін мораторий жариялап, жыл соңына дейін халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырған болатын.

 «Қамшы» сілтейді

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар