Қырғыз президенті: Ресейде фашизм бас көтеруде (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709010502383_small.jpg

Қырғыз басшысы А. Атамбаев Жеңіс күніне арналған жиында "Ресейде фашизм бас көтеруде" деп мәлімдеді, - Qamshy.kz Азаттыққа сілтеме жасап. 

А. Атамбаев Ресейде үлкен күшке айналып бара жатқан скинхедтерді меңзеп отыр.

"Кеңес одағы құлаған соң, экономикадағы ойланбай жасалған өзгерістерден кейін біздің жүз мыңдаған отандасымыз Ресейге барып жұмыс істеуге мәжбүр. Олар Ресейге барып тегін нан, баспана сұрап отырған жоқ. Олар онда өздері үшін, отбасы үшін еңбек етуде, сонымен қатар, Ресей экономикасына да өз үлесін қосуда. Олар ресейліктер тарапынан жоқ дегенде соғыс жылдары Қырғызстанға Ресейден келген босқындарға қырғыз халқы қалай қарағаны секілді құрмет көрсетуге лайық ", - деді А. Атамбаев.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар