«Панама тізімі» тағы екі қазақстандықты әшкере етті

/uploads/thumbnail/20170709010518274_small.jpg

«Панама тізімі» тағы екі қазақстандықты әшкере етті, - деп хабарлайды Qamshy.kz "Коммерсант-қа" сілтеме жасап.

Халықаралық зерттеуші журналистер консорциумы (ICIJ) дүйсенбі күні жариялаған Mossack Fonseca офшорлық регистратор клиенттері туралы мәліметтер базасында одан басқа Қазақстанмен байланысты  тағы төрт компания аталады.

Мәліметтер базасында «панамалық файлдардағы» 214000 офшорлық компания жайлы ақпараттар бар. Ондағы мәліметтерге сүйенсек, төрт фирманың (Air (Kazakhstan) Cargo Company Inc., Trading house of Kazakhstan LTD,  South Kazakhstan Development Corporation LTD, CNOOC Kazakhstan Limited) Қазақстанға қатысы бар. Сондай-ақ, South Kazakhstan Development Corporation LTD  офшорлық компаниясының иелері ішінде Қуаныш Жылқышиев пен Айсұлу Амралинаның есімдері аталады.

Ондағы материалдарда сонымен қатар, Ресейде 229 офшорлық компания иелері, Қытайда 9000, АҚШ-та 4500, Ұлыбританияда 920 офшорлық компания бар екені айтылады.

Естеріңізге салсақ, 3 сәуір күні де ICIJ Mossack Fonseca офшорлық регистратор клиенттері мәліметтер жариялаған болатын. Онда әлем елдерінің бұрынғы және қазіргі 12 президентінің, 50 шақты танымал тұлғалар мен 100-ден астам саясаткерлердің есімдері аталған болатын.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар