Түркі жазбалары мен мәдениеті күндері өтеді

/uploads/thumbnail/20170709010917121_small.jpg

Қазақстан Республикасы   Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ағымдағы жылғы 20 мамырда Өскемен қаласында «Түркі жазбалары мен мәдениеті күндерін» атап өтеді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Іс-шара аясында «Түркі жазба мәдениеті: тарихи тағлым және тәуелсіздік мұраттары» тақырыбындағы республикалық ғылыми-теориялық конференция, жазба ескерткіштердің географиялық, мазмұндық және дәуірлік мәніне арналған лекторий,  түркі мәдениеті мен өнеріне арналған концерт ұйымдастырылады деп күтілуде.

Іс-шараға еліміздің барлық аймағынан 30-дан астам түрколог-ғалымдар, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің өкілдері, облыстық тілдерді дамыту басқармаларының мамандары, жергілікті жердің зиялы қауым өкілдері, жас зерттеуші ғалымдар, БАҚ өкілдері қатысады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар