Офшор дауы Мәжілісте сөз болды

/uploads/thumbnail/20170709010918293_small.jpg

Мәжіліс депутаттары шетелдік офшорларға қатысты ойларын білдірді, - деп, - хабарлайды Qamshy.kz Tengrinews.kz – ке сілтеме жасап.

9 мамыр күні Халықаралық зерттеуші журналистер консорциумы (ICIJ) Mossack Fonseca заңгерлік компаниясының 200 мыңнан астам клиенттері туралы мәліметтерді жариялаған болатын. Ол мәліметтер ішінде Қазақстан азаматтары мен оларға тиесілі офшорлық компаниялар да бар. Қазақстандық офшор иелері туралы мәліметтерді мына сілтеме арқылы оқи аласыздар.

Ал, Мәжіліс отырысында «Ақ жол» фракциясының депутаты Азат Перуашев осы офшор мәселесіне қатысты премьер-министр атына депутаттық сауал жолдады.

«Біздің партия Қазақстаннан ақшаның офшорлық зоналарға кету мәселесінің өзектілігін 2012 жылы 3 сәуірде, 25 қыркүйекте, 2014 жылы 15 қаңтарда, 2015 жылы 13 мамырда депутаттық сауал етіп жолдаған. Ал, 2014 жылы 16 сәуірде біз Үкіметтен Қазақстан экономикасын офшорсыздандыру бойынша шаралар қабылдауды ұсынған еді», - деген ол мұндай офшорлық зоналарға ақша шығару арқылы мемлекет қазынасынан қаржы жымқыруға жол ашылатынын, сондықтан да, офшорға қатысы бар компанияларға мемлекеттік қолдау көрсетуді, олардың мемлекеттік сатып алулар конкурсына қатысуын шектеуді ұсынды.

«Біз тапқан пайдасын офшор арқылы сыртқа шығарып отырған компаниялар мемлекеттік бағдарламалардың, салықтық жеңілдіктердің, мемлекеттік субсидиялардың қолдауын, басқа да жеңілдіктерді пайдаланбауы керек деп санаймыз», - дейді депутат.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар