Ұзақ жыл бойы кәмлеттік жасқа толмағандарды зорлады деп айып тиағылған, Өскемен қаласындағы тергеу изоляторында қамауда отырған 44 жастағы Семейдегі мектеп-интернаттың бұрынғы тәрбиешісі камерада өлі күйінде табылды, - деп, - хабарлайды Qamshy.kz Tengrinews.kz – ке сілтеме жасап.
Алдын ала болжам бойынша камерада асулы күйінде табылған қылмыскер өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін.
Семейдегі №5 жетім балаларға арналған мектеп-интернаттың тәрбиешісі сәуір айының соңында айыпты деп танылып, сот 20 жылға қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеу туралы үкім шығарған болатын. Үкім қылмыскер асылып өлерден бір күн бұрын заңды күгіне енген көрінеді.
Тергеу кезінде оның 17 жыл бойы мектеп-интернаттың кәмлеттік жасқа толмаған тәрбиеленушілеріне жыныстық зорлық-зомбылық көрсетіп келгені дәлелденді.
Пікір қалдыру