Алматы облысында жоғалған туристер құтқарылды

/uploads/thumbnail/20170709011017122_small.jpg

Алматы облысында бірнеше күн бойы тауда адасып жүрген екі турист құтқарылды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық Төтенше жағдайлар демпартаментінің ақпаратынша, 11 адамнан тұратын туристік топ 2 мамырда Новосібірден келген. Олар Көксу өзенінің шатқалы, Сатылы асуы бағытымен жүріп, Кербұлақ ауданы оң Сатылы өзені бойымен төмен түскен.

6 мамырда екі қыз денсаулығына байланысты Кербұлақ ауданы Аралтөбе ауылына қайтуды ұйғарды. Алайда 10 мамырға дейін оралмаған. 

«Екі туристті іздеу үшін Талдықорған жедел құтқару жасағының жеке құрамы, Төтенше жағдайлар бөлімдерінің қызметкерлері, 2091 әскери бөлімінің қызметкерлері шықты. Барлығы 49 адам мен 7 бірлік техника, сонымен қатар «Қазавиаспас» АҚ тікұшағы жұмылдырылды», - деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.

Кеше туристер табылып, тікұшақпен қауіпсіз жерге жеткізілді.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар