Головкин мен Альварес жекпе-жегінің нақты мерзімі белгілі болды

/uploads/thumbnail/20170709011018418_small.jpg

Әлемнің бұрынғы чемпионы Шейн Мозли қазақстандық Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварестің жекпе-жегі 17 қыркүйекте болады деп жар салды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Канело" мен GGG - 17 қыркүйекте! Қыркүйекте олармен қарсыласатын басқа жекпе-жектер болмайды деп үміттенемін. Жыл жекпе-жегі осында. Керемет жұмыс, Golden Boy Promotions", - деп жазды Мозли твиттердегі парақшасында.

"Канело" мен GGG келісіп қойды, сіздер білмедіңіздер ме? Келіссөздер аяқталды. Сіздер бұл мәліметті бірінші болып осында біліп отырсыздар. Менің жекпе-жегім 28 мамырда. "Канело" мен GGG жекпе-жегі - 17 қыркүйекте", - деді Мозли.
 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар