"Өлмес полк" акциясы өткен соң ардагерлер қоқысқа лақтырылды

/uploads/thumbnail/20170709011134998_small.jpg

9-10 мамырда қастерленген Отан соғысының ардагерлерінің суреттері енді Орталық алаңда, әкімдіктің алдында, гүлзарлар мен сәкілерде қалып қойды, - деп хабарлайды Qamshy.kz .

«Өлмес полк» шеруін мыңдаған қостанайлықтар қолдаған.  Жасөспірімдер ардагер аталарының суреттерін мақтанышпен ұстап шығып, әндер шырқады. Акцияға студенттер мен оқушылар көптеп тартылған.  Құттытау акциясына шыққан жұрт соңында портрттерді далаға тастап кетті, - деп жазады «Біздің Қостанай»  газеті.

Мереке күндерінен кейін тілшілер көшеде қалған портреттерді байқады. Тіпті екі портрет  облыстық әкімдік алдындағы алаңда тұр, сондай-ақ біршама суретер «Жеңіс» саябағының естелік тақтасында қалған.  Бірнеше фотосуреттерді шөпке тастап кеткен.

Естеріңізге сала кетейік,  оңтүстік астананың тұрғындары да Жеңіс үшін  соғысқан ардагерлердің фотосын бір қолға, екінші қолға жауыннан қорғанған қолшатыр ұстаған жұртшылық «Алақайлап», «Өлмес полк» шеруін өткізген.

Ал Шымкентте себепсіз шеру өткізуге тиым салынған, дегенімен іс-шара өткізуге рұқсат берілді.

Сондай-ақ, «Өлмес  полк» шеруі Берлинде, Нью-Йорк пен Пекинде де өтті. Бұл жылы шеруге АҚШ, Канада, Германия, Франция, Ұлыбритания, Испания, Швейцария сияқты көптеген елдердің азаматтары қосылды.

Осы жылы «Өлмес полк» шеруі әлемнің көптеген елдерінде бірінші рет өтті.Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза болғандарды еске алып, марш ұйымдастырылды.  Қатысуға ниет білдірген әр адам ұлтына, діни сенімі мен саяси көзқарасына қарамастан шеруге атсалысты.

 

Қатысты Мақалалар