Жол белгілерін қате түсіндіріп, ғаламторда күлкі болған шымкенттік жол полицясының қызметкері қызметінен кетті, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Полиция аға сержанты арнайы шеніндегі полицей Шымкент қаласындағы Сазбухаев көшесінде жүргізушілерді тоқтатып, жоқ жол белгісін елемедің деп айыптаған. Полицейдің бұл әрекетіне наразы болған жүргізушілердің бірі полиция қызметкерімен болған кикілжіңді видеоға түсіріп желіге жүктеген болатын. Осы оқиғадан соң полицей қызметтен кету туралы баянат жазған.
«Қазір сол күні аталған учаскеде қызмет атқарған басқа да қызметкерлерге қатысты тексеру жүріп жатыр. Оның барысында полиция қызметкерлерінің Сазбұқаев көшесінде қызмет атқаруының заңдылығы анықталатын болады», - делінген Шымкент қалалық жергілікті полиция қызметінің бастығы Данияр Мейірхан таратқан хабарламада.