Бразилия президенті қызметінен шеттетілді

/uploads/thumbnail/20170709011151638_small.jpg

Бразилия президенті Дилма Русефті сенат депутаттары қызметінен шеттетті, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Сенат мүшелері президентке сенімсіздік білдіру процесін бастауды қолдап дауыс берген. Енді Дилма Русеф импичмент аяқталғанша, яғни жарты жыл мерзімге қызметінен шеттетілді.

Импичментті бразилиялық оппозиция талап еткен болатын. Саяси күштер ел президентін сайлау кампаниясы кезінде бюджет қаражатын жұмсау мен салық заңнамаларына қатысты заң бұзды деп айыптап отыр.

Импичмент идеясына сенат депутаттарының 22-сі қарсы шықса, президентке сенімсіздік білдіруді 55 сенатор қолдаған. Ел ішінде де осыған байланысты түрлі наразылық акциялары өтіп, полиция демонстранттарға көзден жас ағызатын газ қолданған. ақпарат құралдары Дилма Русеф дауыс беру аяқталғанын күтпей президент сарайынан дүние-мүлкін тасып жатқанын жазуда.

Қатысты Мақалалар