Ақтөбеде дәретханаға тасталған сәбиді құтқару сәті түсірілген видео жарияланды

/uploads/thumbnail/20170709011208592_small.jpg

Ақтөбеде дәретханаға тасталған сәбиді құтқару сәті түсірілген видео жарияланды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Ақтөбе қаласындағы мөлтек аудандардың біріндегі жер үйлердің дәретханасынан жаңа туған сәби табылған еді. Үй иесі Молдағали Орынбасаров қапшыққа салынған сәбиді дәретхана шұңқырынан өзі алып шыққан. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем дәрігерлері нәрестенің кіндігін кескен. Дәретханадан табылған нәресте қыз болып шықты.

Оқиға орнын шолған полиция қызметкерлері белгісіз әйелдің нәрестесін сол дәретхана жанында дүниеге әкелгеніне көз жеткізген.

Дәрігерлер қазір облыстық перинатальды ауруханаға жатқызылған нәрестенің денсаулығы бір қалыпты деп отыр. Аурухана дәрігерлері сәбидің салмағы 3 келі 80 грам, бойы 52 сантиметр екенін хабарлаған.

Естеріңізге салсақ, осы жылдың 3 қаңтарында Жамбыл облысында да жаңа туған нәресте дәретханаға тасталған еді. 

Қатысты Мақалалар