Себепсіз жындыханағы жабылған Маржан Тұрлыбаева бостандыққа шығады

/uploads/thumbnail/20170709011219217_small.jpg

Өмір бойы жындыханаға жабылған Маржан Тұрлыбаева бостандыққа шығатын болды, деп хабарлайды Qamshy.kz .

Түркістандағы психоневрологиялық әлеуметтік мекемесінде ем қабылдаған қыздың дені сау екендігі дәлелденіп, сот шешімі шықты.

Бұл мәселені алғаш көтерген шымкенттік журналист Гүлжан Байназарованың соттың соңғы отырысы өткенін хабарлады.

Дәрігерлер берген тұжырымдамаға толық көз жеткізуді көздеген Түркістан қалалық сотының судьясы Дина Бейсенбекова қайтадан сот сараптамасын жасатты.

Нәтижесінде, шымкенттік мамандар өздері қойған ұйғарымын жоққа шығарып, қыздың дені сау екенін мойындаған. Сот сараптамасына жүгінген судья бойжеткенді өз іс-әрекетіне қабілетті деп таныды. Сот шешімі заңды күшіне енген соң бойжеткен Маржан Тұрлыбаева жындыханадан шығарылады. Алайда, оның әзірге қайда барары белгісіз

 

Қатысты Мақалалар