Жиырма бес жылдан астам уақыт өмір сүргенімде Алматы дәл бүгінгідей үрей құшағына енбеген еді. Әлемде ең тыныш қала қайда десе, ойланбай-ақ Алматы дер едім, әлемдегі ең бейбіт қала қайда десе, ойланбай-ақ, Алматы дер едім. Бүгін сол бейбіт, жұмақ қала Алматыны таңертеңнен үрей тербетті. Өзіңнің туған қалаңда үрейден дірілдеп, аяғыңды басудан қорқып, үйіңе жеткенше, алаңдаудан өткен қорлық жоқ екен. Дәл сен жүріп өткен көшеде, қиылыста, сен тоқтап тұрған алаңда кісі өлімі болып жатыр немесе болып өткен, немесе болады... Қандай қорқыныш. Бәрінен бұрын осы зор өзгеден емес қаны бір қандасыңнан, діні бір қарындасыңнан келіп жатыр. Ұсталғандардың бәрі, кеше Ақтөбеде қару алып, халыққа оқ атқандардың бәрі қазақтың өрімдей жастары. Қазаққа зауал қазақтан келеді дегенді ойлаудың өзі қиын екен. Алла адасқандардан сақтасын!!! Кемедегінің жаны бір, тілеуі бір... Аман болайық, ағайын!
Есенгүл Кәпқызының Фейсбуктегі парақшасынан алынды.