Алматы мен Астананың ақша айырбастау пункттерінде доллар бағамы 359 теңгеге жетті

/uploads/thumbnail/20170709044540684_small.jpg

Бүгін Алматы мен Астана қалаларының ақша айырбастау пункттерінде Қазақстан қор биржасының күндізгі сессиясынан кейін, доллардың сатылу бағамы 1 АҚШ доллары үшін 359 теңгеге жетті, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

kurs.kz және valuta.kz. порталдары осындай деректер келтірді.

Ұлттық валюта - теңгенің долларға қатысты бағамы - 351,05 теңгені құрады. 

Өз кезегінде «Қазақстан Халық банкі» АҚ доллардың сатылу бағамы - 355,72 теңге, «Казкоммерцбанк» АҚ - 356,5 теңге, ал «БанкЦентрКредит» АҚ  - 356 теңге болды. 

Естеріңізге сала кетелік, бүгін таңертең Алматы мен Астана қалаларының ақша айырбастау пункттерінде долллардың сатылу бағамы бір доллар үшін 350 теңгені құраған болатын. 
Қазақстан қор биржасының таңертеңгілік сессиясында доллар 3,98 теңгеге өсті. Яғни, бір доллардың құны - 347,86 теңгеге жетті. 

Қатысты Мақалалар