Белгілі әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева МузАРт тобының әншісі Сәкен Майғазиевтің ел білмейтін құпиясын жариялады, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Сәкен Майғазиевтың ел білмейтін сырын Айгүл Иманбаева өзінің инстаграм парақшасында жариялады.
Иманбаеваның айтуынша, Сәкен әнші ғана емес актер да болған екен.

Сәкен Майғазиев бір кездері Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында актер болғанын көпшілік біле бермейтін.
"Майғазиев біздің театрда актер болып жұмыс жасаған кезі. Қыз Жібек спектаклінде Төлегеннің інісі Сансызбайды ойнайын. Мен – Қыз Жібекпін. Бірақ Сәкен Төлегеннің барлық арияларын сахна сыртында Төлегеннің орнына айтатын. Одан бері де көп жылдар өтіпті" - деп жазды Айгүл Иманбаева.
Желі қолданушылары таңданыстарын жасыра алмай, Сәкен Майғазивеке деген ыстық ықыластарын жазып жатыр.