Instagram желісіндегі @club_dobryakov_astany аккаунты Павлодар қаласындағы мейрамханалардың бірінің ас үйінде түсірілген видеоны жариялады. Онда дайын котлеттерді табаққа тізіп жатқан аспаздардың бірі тамаққа аузымен су бүріккені жазылып қалған, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
«Жасыл футболкадағы жігіт қолымен су сеуіп тұрса, аспаз аузына су толтырып алып, котлеттерді «суарып» тұр», - делінген видеоның сипаттамасында.
Кейін бұл тамақтану орны – «Статус-А» деп аталатын мейрамхана екені анықталған. Ондағылар осы оқиғаның шынымен болғанын, ал, видеодағы аузымен тамаққа су бүріккен аспаз сәуір айында жұмыстан шығарылғанын хабарлаған.