Саясаттанушы түзеу мекемелерін ҰҚК құзырына беруді ұсынды

/uploads/thumbnail/20170709044630732_small.jpg

Саясаттанушы Руслан Жанғазы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін Ішкі істер министрлігінен алып, Ұлттық қауіпсіздік комитеті құзырына беруді ұсынды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

«Қазақстанның құқыққорғау жүйесін реформалау аясында қылмыстық-атқару жүйесін модернизациялау туралы ойлануды ұсынамын. Сол бағыттағы шаралардың бірі ретінде Қылмыстық-атқару жүйесі комитетін (ҚАЖК) басқа мемлекеттік орган құзырына беру ұсынылады», - деп жазады саясаттанушы.

«Түзеу мекемелерінің қызметкерлері ондағы жедел ахуалды бақылау мен діни экстремизмнің таралуына қарсы тұру жөніндегі міндеттермен тиімді айналыса алмай отырғанын» айтқан ол «ҚАЖК ІІМ құрамында қалса тым дөрекі жұмыс істейді, ал, Әділет министрлігіне өтсе тым жұмсақтық танытады» деп санайды.

«Неғұрлым тиімді жол – ҚАЖК-ні ҰҚК құрамына беру», - дейді.

«Соңғы, Алматыда болған терактіні талдау күдіктінің салафиттермен колонияда байланысқа түскенін көрсетті.

ҚАЖК-нің ҰҚК-ге өтуі сотталғандардың идеологиялық өңдеу және ықтимал индоктринациясы кезеңінде діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған жедел жұмыс жүргізуге мүмкіндік берер еді, - деп санайды Руслан Жанғазы.

Саясаттанушының ойынша, осындай жүйе орнаса, жиһад жолына түсуі мүмкін сотталғандардың бостандыққа шығуына тосқауыл қойылады.

Сондай-ақ, ҰҚК-ге діни экстремизм, терроризм баптары бойынша сотталғандарды толық оқшаулауды қамтамасыз ету керектігін ұсынады.

Саясаттанушы бұл ұсынысы жүзеге асса, арнайы контингенттің идеологиялық тұрғыда «улану» қаупі азайып, қатерлі әлеуметтік вирустың бостандыққа шығуына тосқауыл қойылатынына сенімді.

Қатысты Мақалалар