Алматыда Қонаев қоры орналасқан ғимарат өртенді (ВИДЕО, ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170709044633982_small.jpg

Бүгін таңертең Алматының Арбатында өрт шықты. Ол туралы хабар өрт сөндірушілерге сағат 07.49-да түскен, - деп хабарлайды Qamshy.kz tengrinews.kz – ке сілтеме жасап.

Панфилов көшесіндегі шатырын өрт шалған ғимаратқа «Халықаралық Д. Қонаев қоры» Қоғамдық қоры орналасқан болып шықты.  

Тілсіз жау 09.26 сағатта өшірілді. Өрт шалған аумақ көлемі 150 шаршы метрді құраған. ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша өртті сөндіруді ғимарат мансардының күрделі жоспарлануы мен екі қабатты металл жабындылар қиындатқан көрінеді. Өртті сөндіру кезінде қордан материалдық құндылықтар сыртқа шығарылды.

Жібек жолы мен Панфилов көшелерінің қиылысындағы бұл ғимаратта Қонаев қорынан басқа мейрамханалар да орналасқан.

Қатысты Мақалалар