Мысырға оқуға кеттім деген ақтөбелік жігіттің Сирияда соғысып жүргені анықталды

/uploads/thumbnail/20170709044641232_small.jpg

Сирияда соғысып жүрген ақтөбелік жігіт сырттай қамауға алынды, - деп хабарлайды Qamshy.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

25 жастағы Руслан Қуанов осыдан үш жыл бұрын Мысырға арабша үйреніп, діни білім алуға кеттім деп туыстарын алдаған. Бірақ қай университетте оқып жүргенін айтпапты.

Кейін белгілі болғандай Руслан Сириядағы содырлардың қатарына қосылған. Онымен қоймай, әлеуметтік желілер арқылы еліміздегі таныстарын қарулы қақтығысқа қатысуға шақырыпты. Қазір Қуановқа халықаралық іздеу жарияланды. Ұсталған жағдайда сотқа сүйреп жүрмес үшін тергеушілер алдын ала санкция алуды жөн санаған. Ол үшін қалалық сотқа өтініш түсіріп, сырттай шешім шығарып берді.

-Қуанвоқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтініш қанағаттандырылып, ұсталған күнен бастап екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді, - дейді Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы Анар Айтжанова.

Қатысты Мақалалар