Жезқазғанда террористер туралы жалған хабар таратқан әйел 10 жылға сотталуы мүмкін

/uploads/thumbnail/20170709044648232_small.jpg

Жезқазғанда "суық қару мен жарылғыш заттары бар террористер ұсталып  жатыр" деп, бүкіл қаланы дүрліктірген ақпарат жалған болып шықты. Жұрттың үрейін алған хабарламаны  "WhatsApp" желісі арқылы 29 жастағы әйелдің таратқаны да анықталды. Жалған ақпараты  үшін енді өзі де  жауапқа тартылатын болады, - деп хабарлайды Qamshy.kz 31 арнаға сілтеме жасап.

Бұдан өзге оның "лаңкестерден қару және жарылғыш заттар тәркіленіп жатыр" деген ақпаратты да таратқаны анықталған. Хабарламаны тексерген полицейлер оның шындыққа жанаспайтынын айтады. Ал жалған ақпарат тартқан 29 жастағы әйел кінәсін толық мойындады. Қазір азаматшадан түсініктеме алынып жатыр. Тәртіп сақшылары жалған ақпарат таратқан адамдардың заңмен жазаланатынын тағы ескертеді.  Қоғамда дүрбелең туғызатын жел сөз тартқандар бес жылға, қауіпті кезде қасақана ақпарат таратқандар 10 жылға дейін сотталуы  мүмкін.

- Қазір ұсталған азаматша толықтай кінәсін мойындап отыр. Тергеу жүргізілуде, - дейді Қарағанды облыстық ІІД МТАБ басшысының міндетін атқарушы Батырхан Смаилов.

Қатысты Мақалалар