Алматы полияция Қазақстан азаматтарынан мына суретте бейнеленген жас жігіттің аты-жөнін анықтауға көмектесулерін сұрайды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Азаматтар фотосуретте бейнеленген жас жігіт жайындағы білетін мәліметтерін Алматы қаласының Жетісу аудандық ішкі істер басқармасына мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуларына болады: 254-49-01 және 8-705-555-01-82.
Алматыда құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқандарыңыз үшін ризашылығымызды білдіреміз», - делінген Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.