Белгілі композитор Еркеш Шакеевтің ұлы Сафар Шәкеевтің денесі табылғаннан кейін, қайғы жамылған Шәкеевтердің отбасына "Евразия" арнасы маза бермеген, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
"Евразия" арнасының тілшілері телефон соққанда Еркеш Шәкеевтің ұялы телефоны Арман Шораевтың қолында болған.
-Сафардың өлімі расталғаннан кейін, бір сағат өтер-өтпесте Еркештің телефонына бір қыз звондады. "Саматсыз ба! Мен "1 арна - Евразияданмын". Маған шұғыл пікір беріңізші" дейді. Көңіл де айтпады, қайғыға да ортақтаспады, - деп жазған Арман Шораев журналистік этика туралы сөз етті.
Онымен қоймай, Еркештің достарына дейін хабарласып, мазаны алған деген Шораев адам қайғысын пайдаланып журналистік мансап жасау абыройсыздық екенін айтты.