Алматыда Ұлттық ұлан сарбаздары ата-аналарымен онлайн-байланысқа шықты (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170709045258424_small.png

Бүгін ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінде Қостанай өңірінен Отан алдындағы борышын өтеу үшін шақырылған сарбаздар ата-аналарымен скайп жүйесі арқылы онлайн режимдегі видео-байланысқа шықты, - деп хабарлайды Qamshy.kz Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Байланыс барысында Қостанай қаласындағы Ұлттық ұланның 6697 әскери бөліміне жиналған сарбаздардың ата-аналары әскери борышын Алматыда өтеп жатқан ұлдарының жарқын жүздерін көріп, тілдесу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, ата-аналар ұлдарының әскери өмірімен, тұрмыс жағдайларымен танысты.

Аталған іс-шараға Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Мұхаметқали Сатов қатысып, онлайн режимде ата-аналардың көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап берді.

Сондай-ақ, ата-аналардың назарына ұлдарының сәлемдемесі жолданған және қызметтерін өткеріп жүрген әскери бөлімдердің тыныс-тіршілігі туралы бейнежазбалар ұсынылды.

Тамыз айында аталған іс-шара жалғасын тауып, Ақмола облысынан шақырылған сарбаздар да ата-аналарымен онлайн-байланысқа шықпақ.

Қатысты Мақалалар