Рио олимпиадасын Қазақстанның үш телеарнасы көрсетеді

/uploads/thumbnail/20170709045256924_small.jpg

Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы олимпиада ойындарын Қазақстанда үш арна: KazSport, "Хабар" және "Қазақстан" көрсетеді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

-220-дан аса таратылым болады. Олимпиада ойындары кезеңінде Kazsport телеарнасы 24 сағаттық таратылымға өтеді. Тәулігіне 15-17 сағат тікелей эфир болады. Көрермендер мүмкіндігі болса теледидарды тіпті сөндірмей көре алады. Бұл қазақстандық телевизияда тұңғыш рет болып отыр, мұның барлығы Kazsport телеарнасының ашылуының арқасында, біз қазақстандық барлық атлеттің өнерін көрсетеміз, - Kazsport телеарнасының директоры Павел Цыбулин.

Айта кетейік, Қазақстаннан Олимпиадаға 104 спортшы барады. 2016 жылғы Олимпиада 5-21 тамыз аралығында өтеді.

 

 

Қатысты Мақалалар