Алматы полициясы бір бағытты жолда қарама-қарсы жүрген жүргізуші мен оған ескерту жасаған жаяу жүргіншіні іздестіруде, - деп хабарлайды Qamshy.kz қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-ІІД басшылығының бұйрығы бойынша, жергілікті полиция қызметіне видеодағы оқиғаға қатысушылардың жеке басын анықтап, жағдайды біліп, заңды баға беру тапсырылды. Заңбұзушылықтар анықталған жағдайда заңға сәйкес шаралар қолданылады, - ведомстводағылар.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласындағы бірбағытты көшелердің бірінде қарсы бетке шығып кеткен жігіттің ерегесі бейнеленген ">видео жарияланған еді.
«Мына оқиғаны сіздермен бөліскім келеді. Бүгін кешкі сағат 17:40 шамасында күйеуіммен бірге Сарыарқа кинотаетры мен базардың ортасындағы бірбағытты жол белгісі қойылған көшемен келе жатқанбыз. Қарсы беттен бір ер азамат өз көлігімен қарсы жолығып, бізден өзін өткізуімізді сұрады. Қалай болғанын видеодан көріп аларсыздар», - деп жазған еді видеоның авторы Екатерина Сағымбаева.