Жамбыл облысы Шу аудандық соты 2007 жылғы 12 наурыздағы соттың оны қайтыс болған деп тану туралы шешімін жою туралы С. Мұратованың өтінішін қарады, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Шу аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, ол өзінің өтінішінде Шу аудандық сотының 2007 жылғы 12 наурыздағы шешімімен Д. есімді адамның өтініші бойынша қайтыс болған деп танылған. Алайда, ол 2006 жылдан бері құжатсыз Георгиевка ауылында тұрған. Онда жалданып жұмыс істеп, жоғалған куәлігін уақытында ала алмаған.
Шу аудандық сотының 2007 жылғы 12 наурыздағы қайтыс болған деп тану туралы шешімінің күші жойылды.