Алматыда аудандық соттан күдікті қашып кеткен

/uploads/thumbnail/20170709045546099_small.jpg

Жұма күні Алматының Медеу аудандық №2 сотынан айыпталушы қашып кеткен, - деп хабарлайды Qamshy.kz ratel.kz – ке сілтеме жасап.

Кеше кешкі бестер шамасында екі полиция сержантынан тұратын конвой аудандық сотқа ұрлық жасады деп айыпталған 1991 жылы туған Д. Досмағамбетов деген күдіктіні қамауға санкция алу үшін жеткізген.

Конвой Д. Досмағамбетовты сот ғимаратының астындағы камераға жауып, өздері қарауыл бөлмесіне кетіп қалған. Сол сәтте сот жертөлесінде дәнекерлеу жұмыстары жүргізіліп жатқандықтар, камера орналасқан жер қатты түтін болған көрінеді. Полицей камера есігін құлыппен емес, кісенмен жауып, қателік жасаған.

Полицейлер таза уау жұтқанда, күдіктінің де дұрыстап тыныстағысы келсе керек, кісен-құлыпты ашып, тайып тұрған.

Қазір Алматы қалалық ІІД ішкі қауіпсіздік басқармасы осы оқиғаға байланысты қызметтік тексеріс жүргізуде.

Сот ғимаратынан қашып кеткен күдікті Досмағамбетов Дунес Омонгелдиевич 1991 жылы Өзбекстанның Сурхандария облысында туған. 2013 жылы ҚР ҚК 175-бабымен, 2016 жылы ҚР ҚК 188-бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Аса қауіпті қылмыскер саналады.

Қатысты Мақалалар