Қазақстанда Қазақ-түрік лицейлері (ҚТЛ) өз жұмысын жалғастырады, - деп хабарлайды Qamshy.kz Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақ-түрік лицейлері (Қазастанда барлығы 27 мемлекеттік ҚТЛ бар - ред.) бұрынғысынша жұмыс жасайды. Оқушылар мен ата-аналарға ауысу үшін жаңа мектеп іздеудің қажеті жоқ», - дейді министріктің ресми өкілі Әйгерім Әлібекова.
Министрлік өкілінің айтуынша, ҚТЛ-де оқыту саясаты Түркия бағдарламасына емес, жергілікті және халықаралық білім беру стандартына негізделген.
ҚТЛ қызметін реттейтін Халықаралық «KATEV» қоғамдық қоры, Қазақстан мен Түркия президенттері Н.Назарбаев пен Т.Өзал арасындағы екіжақты келісім негізінде құрылған.
Сондай-ақ, министрдікің мәліметінше, ҚТЛ өзі жұмыс істеген барлық жылдарда оқушылардың жоғары үлгерімін көрсеткен, еліміздегі орта білім беру орындарындағы көшбасшылардың бірі болып табылады. Соңғы үш жылда ҚТЛ оқушылары 5327 медаль жеңіп алды. Соның ішінде 986-ы Бразилия, АҚШ, Ресей, Оңтүстік Корея, Қытай, Румыния, Канада, Грекия, Грузия, Германия және Жапония елдерінде өткен Халықаралық олимпиадаларда алған.
«ҚТЛ-де 1124 оқытушы жұмыс істейді, оның 1030-ы Қазақстан азаматтары (91,7%), 94-і (8,3%) Түркия азаматтары.
ҚТЛ қазақ тілінде оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық лицей-интернат болып табылады.
Биылғы жылы ҚТЛ-ды 1634 бала тәмамдаған. ҰБТ бойынша орташа балл 102,3 балл болды. ҰБТ-2016 қорытындысы бойынша барлық ҚТЛ «Республиканың үздік 100 мектебі» тобына кірді.
ҚТЛ-дың осы жылғы түлегі Айдос Қабылда Лоионосов атындағы ММУ-нің «Жыл студенті» атанды.
ҚТЛ-да тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру тәрбиесінің концепциясымен сәйкес, "Мәңгілік ел" жалпыұлттық идеясымен және Президенттің Жолдауларымен сәйкес жүзеге асырылады» , - деді министріктің баспасөз қызметі.
"KATEV" қорының өкілдері ҚТЛ мен "KATEV" қорының өзге елдің үкіметтерімен, ұйымдарымен және жеке тұлғаларымен байланысы жоқ екенін мәлімдеді.