Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында белгісіз біреулер "Халық банкі" АҚ филиалына шабуыл жасаған, - деп хабарлайды Qamshy.kz Today.kz - ке сілтеме жасап.
"Бет перде киген екі адам банк филиалына кіріп, тапанша және шолақ мылтықпен қорқытып, кассирден ақша талап еткен. Күзетшіге шолақ мылтық тақаған, сондықтан ол ештеме істей алмаған", - дейді мәлімет көзі.
Дабыл пернесі басылған сәтте, шабуылдаушылар ғимараттан жүгіріп шығып, қара түсті көлікке мініп жасырынған.
Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметі істің ҚР ҚК 192-бабының 2-тармағы бойынша тергеліп жатқандығын хабарлады.