ЮНЕСКО Түркияның БАҚ-қа жасаған қысымына байланысты дабыл қақты

/uploads/thumbnail/20170709045819148_small.jpg

«ЮНЕСКО-ның бас директоры Ирина БоковаТүркиядағы бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлеріне, редакторлар мен жалпы журналистерге қарсы қолданылып жатқан шараларға байланысты  дабыл қақты», - деп хабарлайды Qamshy.kz.

«Пікірін еркін білдіру құқына қатысты айтсақ, ЮНЕСКО басшысына 42 журналисттің тұтқындалғаны, 24 радио-телехабар тарату компаниясы лицензиясынан айырылғаны,  25 медеиакомпанияға бұл салада іс жүргізуіне тиым салғаны, веб-сайттардың бұғақталғаны белгілі» делінген Ирина Бокованың мәлімдемесінде.

ЮНЕСКО басшысы сондай-ақ, Түркияда төтенше жағдай жарияланған уақытта, осындай сындарлы сәтте ақпарат құралдарының еркіндігі ашықтық пен жауапкершілік принциптерінің маңызды шарты екендігін еске салды.

Қатысты Мақалалар