Алматыда сот ғимаратынан қашып кеткен күдікті қолға түсті

/uploads/thumbnail/20170709045821882_small.png

Жұма күні Алматыдағы Медеу аудандық №2 сотының ғимаратынан қашып кеткен күдікті бүгін қолға түсті, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

«Алматы полициясы жедел бөліністерінің қызметкерлері тергеу кезіндегі бұлтартпау шарасын белгілеу үшін сотқа жеткізіліп, сот ғимаратынан қашып кеткен Д. Досмағамбетовты ұстады», - делінген ІІД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Естеріңізге салсақ, жұма күні Медеу аудандық сотына жеткізілген күдікті сот ғимаратындағы камерадан қашып кеткен болатын. Оған ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлімі, 2,3-тармақшалары (Ұрлық) бойынша айып тағылған.

Сондай-ақ, оның бұған дейін де осындай қылмыстар үшін жауапқа тартылғаны хабарланған.

Қатысты Мақалалар