А. Атамбаев: Түркияның Сыртқы істер министрі сондай «ақылды» болса, неге өз еліндегі төңкерістің алдын алмаған?

/uploads/thumbnail/20170709045823460_small.jpg

Қырғызстанға қандай да бір талап қойып жасаған көмек керек емес. Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев Шолпан-Атада өткізген баспасөз мәслихатында осылай деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Qamshy.kz azattyk.org – ке сілтеме жасап.

Президент Түркияның Қырғызстанға жарналар төлеуге көмектескенін мойындады.

«Иә, бізде қиын уақыттар болды, бірақ, мен кейін еске салып, шарт қою үшін көмектесудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Бізге ондай көмек қажет емес», - деген А. Атамбаев.

Түркия СІМ басшысының мәлімдемелерінде ел Президенті сынап тастаған.

«Егер ол сондай «ақылды» болса, өз еліндегі төңкеріс әрекеті қарсаңында неге «ұйықтап» қалған? Бізді оқытудың қажеті жоқ, біз – қалай өмір сүруді білетін егемен елміз», - дейді ол.

Сондай-ақ, қырғыз басшысы «гүленшілер» қозғалысы Қырғыз Республикасын тәртіпсіздіктерге ұшыратады дегенді де ақылға қонымсыз деп отыр.

«Қырғызстанда қырғыз-түрік лицейлері ҚР Білім министрлігінің оқу жоспары бойынша жұмыс істейді. Егер мәселе туындаса, біз оны зерттейміз», - дейді А. Атамбаев.

Қатысты Мақалалар