Жолбарыстар жойылып барады

/uploads/thumbnail/20170709045829445_small.jpg

29 шілде Халықаралық жолбарыстар күнінде БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП) аталмыш сүтқоректілерді қорғау және жабайы аңдарды заңсыз саудалаумен күресу жөнінде кең ауқымды кампанияны бастады, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Бүгінгі таңда дүниежүзінде не бәрі 3000 жолбарыс қалған. Соңғы 100 жылда жолбарыс түрлерінің 97 пайызы жойылған. Бұл хайуандар тұқымының жедел құрып бара жатуына заңсыз сауда басты себеп болып отыр. Жолбарыстың дене мүшелерінен жасалған дәрі-дәрмек пен  түрлі әшекей  заттар қара базарда қымбат бағаға сатылады.

«Әр адам, мейлі полицей болсын, кеденші, депутат, қауым жетекшісі, прокурор, судья немесе қарапайым азамат болсын, жабайы аңдар саудасының алдын алуда  атқаратын рөлі бар. 2030 жылға дейінгі Тұрақты Даму мақсаттарын жүзеге асыруда аңдардың заңсыз саудасына  қарсы нақты шаралар қабылдау қажет» деді, ЮНЕП-тің аймақтық басшысы Изабель Луис.

Жабайы аңдардың заңсыз саудасы әлем бойынша нөмірі бірінші қауіп болып отыр. Биыл маусым айында Таиланд полициясы  будда монастірінің мұздатқыш камерасынан 70 жаңа туылған жолбарыстың сүйегін тапқан. Сондай-ақ басқа да жабайы хайуандардың терісі мен дене мүшелерінен жасалған талисмандардың жасырылғаны анықталған.

БҰҰ-на қарасты аталмыш бағдарлама мамандары жабайы табиғатқа жасалған қастандықтар ұлттық дамуды үзеді және миллиардтаған доллар қаражаттың халықаралық қылмыстық топтардың «қалтасына» түсуіне көмектеседі деп дабыл қағуда. Сондықтан БҰҰ бүкіл әлем жұртшылығын хайуанаттарды қорғауға үндей отырып, жабайы табиғатқа қастандық жасауға қарсы бірігіп күресуге шақырады.

Шарафат Жылқыбаева

Қатысты Мақалалар