Шанхайда әлемдегі ең жүрдек лифт іске қосылмақ

/uploads/thumbnail/20170709045831038_small.jpg

«Mitsubishi Electric Corp» компаниясы жаңа инновациялық технологияларды сынақтан сәті өткізді» деп жазады «DailyTechInfo»  агенттігі. 

632 метрлік Шанхай мұнарасына орнатылатын лифттің жаңа түрі минутына 1230 метр жылдамдықпен қозғалады. Бұл лифттің ерекшелігі сонда, лифт төмен түскенде және тоқтағанда электрқозғалтқышы генератор рөлін атқарады. Соның арқасында лифт жоғары көтерілгенде шыққан энергия қайта қалпына келеді. Қондырғының жаңа технологияға негізделген тежегіштік жүйесі қауіпсіздік шарттарына толық сай.

Бұл лифт бірнеше пульттың көмегімен  параллель операциялық жүйе  арқылы басқарылады. Ал тросы  жоғары жылдамдықтағы басқа лифт тростарынан да мықтырақ. Жаңа құрылымда жедел тоқтату, жылдамдықты реттегіш сияқты қорғау және қызметті бақылау функцияларын атқаратын қондырғысы бар. Жаңа жүйе негізінде құрастырылған лифт еш дірілдемейді. Оған қоса кабина  ішіндегі қондырғы ауа қысымын реттеп тұрады. Жаңа лифт төменгі қабат пен жоғарыдағы көру алаңын байланыстырыратын үшінші лифт саналады.

Шанхайдағы бұл лифтпен жер асты қабатынан 119-шы қабатқа бар болғаны 53 секундта көтеріледі екен. Жаңа лифт қондырғыларымен қоса Жапониядағы «Mitsubishi Electric Inazawa Works» компаниясының зауытында жасалған. Ал монтаждау жұмыстарын Қытайға танымал «Shanghai Mitsubishi Elevator Co Ltd» компаниясы атқарады.

Дана Қамшыбек

Қатысты Мақалалар