Қытайда ащы бұрыш жеуден жарыс өтті

/uploads/thumbnail/20170709045832585_small.jpg

Суық су толтырылған бөшке ішінде отырып, ащы чили бұрышын жеу жарысы туралы «nz1.ru» порталы жазады.

Ханчжоу провинциясының тұрғындары арасында өткен қызықты жарыс «От пен мұз мерекесі» деп аталады. Бұл мерекеге қатысушылардың саны әуелде көп болғанмен мұздай су ішінде отырып, бір табақ ащы бұрышты жеуге шыдамағандары жарыстан шығып қалған.

Бір қызығы жарыс өтіп жатқанда аймақтағы ауа температурасы 40 градусты көрсеткен. «Бұншалықты қиын болады деп ойламаппын. Шыдамым жеткенше төздім. Бірақ жеңіске жете алмадым» депті, жарысқа қатысушылардың бірі журналистерге берген сұхбатында. Ащы бұрыш жеу жарысы өзгелер үшін таң қалысты болғанмен  тіл қуырар тағамдарға бай қытай елі үшін үйреншікті болса керек. Өйткені бұл елде ащы бұрыш күнделікті ас емес пе?

Қатысты Мақалалар