Жоғарғы Сот департаментіне Абай Тоқсаба тағайындалды, - деп хабарлайды Qamshy.kz Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жоғарғы Соттың судьялары мен аппаратына Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің жаңа басшысын ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Қайрат Мәмидің өзі таныстырды.
Абай Тоқсаба 1960 жылы дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған. Экономист, заңгер, экономика ғылымдарының кандидаты.
Жоғарғы Кеңес Аппаратының Қаржы-шаруашылық істері басқармасының сектор меңгерушісі, Сенат Аппаратының Өңірлік даму және жергілікті өзін-өзі басқару комитетімен өзара байланыс жасау бөлімінің, Әкімшілік бөлімінің меңгерушісі, Аппарат Басшысының орынбасары, Ұйымдастыру-бақылау және кадр, Редакциялық-баспа бөлімдерінің меңгерушісі болып қызмет атқарған.