Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Сейфуллин ауылында тұрғындар арасында тұрмыстық сипаттағы кикілжің болған, - деп хабарлайды Qamshy.kz ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға орнында облыс әкімінің орынбасары, прокуратура өкілдері, ІІД мен аудан әкімдігінің өкілдері жұмыс істеп жатқан көрінеді.
Сондай-ақ, бүгін ауыл тұрғындары ақсақалдардың, қоғамдық ұйым өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен жиын өткізіп, болған оқиғаны талқылағанын хабарлайды облыстық ІІД.
«Кездесуде жанжалдасушы тараптар өзара түсінісіп, тарасқан», - делінген ІДД таратқан хабарламада.