"Астана ЭКСПО-2017" басшысының бірінші орынбасарының жазасы жойылды

/uploads/thumbnail/20170709050056681_small.jpeg

Прокуратура  "Астана ЭКСПО-2017" компаниясынан ақша жымқыру бойынша сотталған Әлішер Пірметовтің үкімін жоққа шығарды, - деп хабарлайды Qamshy.kz Today.kz - ке сілтеме жасап. Бұл туралы тілшілердің қадағалау органына жолдаған ресми сауалына берген жауабынан белгілі болды.

Прокуратурада Әлішер Пірметовтың әрекеті қылмысттық және қасақана ауыр қылмыстарға жататынын түіндірді. ҚР ҚК 189-бабының 4-тармағының 2-тармақшасы бойынша мұндай жағдайда айыпталуышының мүлкі тәркілене отырып 12 жылға бас бостандығынан айырылады және өмір бойы қызметтік орындарда жұмыс істей алмайды.

"Ә.Х.Пірметовке қосымша жаза қолдану мәселесін талқылау кезінде сот оның кәмелетке толмаған балалары барын, бұрын істі болмағанын, оның сотқа дейінгі және соттан кейінгі қылығын ескере отырып, қызметке тағайындалу мен белгілі бір қызметпен айналысуға тиым салу жазасы жөнсіз деген шешімге келді", - деп түсіндірді прокурорлар.

Сот Әлішер Пірметовке қатысты бес жыл мерзімге пробациялық бақылау тағайындады. Сонымен қатар ол өкілетті органды ескертпей тұрғылықты жері ме жұмыс орнын ауыстыра алмайды.

Қатысты Мақалалар