Оралда белгісіз азамат 12-қабаттан секіріп кеткен

/uploads/thumbnail/20170709050059416_small.jpg

Орал қаласында 12-қабаттағы балконнан құлаған ер кісі қайтыс болды, - деп хабарлайды Qamshy.kz «Уральская неделяға» сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Оралдың Достық көшесіндегі 14 қабатты үйде таңертең болған. Орта жастағы ер кісі 12-қабатқа көтеріліп, кейін төмен секіріп кеткен. Куәгерлер марқұмның жас шамасы алпыстың айналасында екенін айтуда.

«Мен таңертең ПИК-тегі (КСК) жұмысыма сағат тоғыз шамасында келдім. Сөмкемді қойып, отыра бергенім сол еді сырттан бір әйел жүгіріп келіп, көшеде мәйіт жатқанын айтты. Сыртқа шығудан қорқып терезеден қарадым», - деген басылымға ПИК қызметкері Жұмабике Мутешова.

Басылымға аталған үйдің тұрғындары соңғы уақытта бірнеше көршісінің осылай терезеден секіріп кеткендерін айтқан көрінеді.

Қазір полиция қайтыс болған азаматтың кім екенін анықтап жатыр.

Қатысты Мақалалар