Алматыда 18 жастағы мектеп түлегі Жұлдыз Ерманова жоғалып кетті, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Қыздың әпкесінің айтуынша, Жұлдыз 1 тамыз күні кешкі 18.00 шамасында үйден шығып кетіп, қайта оралмаған.
"Жұлдыз Меломен кітап дүкеніне жиі баратын. Бірақ ол күнгі бейнекамераға түспеген. Сәуір айында 18 жасқа толған сіңілім биыл мектеп тәмамдап, оқуға түсуге дайындалып жүрген" деген әпкесі оның кездесіп жүрген жігіті жоқ екенін, тіпті достарына да бармағанын айтты.
Қыздың ерекше белгілері: ерекше әдемі, шашы ұзын, көзінде шеті қара көзілдірігі бар. Сол күні джинс пен қара жейде киген.
Қазір қызды жақындары мен Алматы полициясы іздестіруде. Әпкесінің құрбысы бойжеткенді іздеуге еріктілер де жинауды жоспарлап жатыр.