Бұл "аңызы" аралас әзілді біреу білсе, біреу білмес....
Ерте заманда бір Қазақтың қызы орысқа тұрмысқа шығыпты, екеуі алыс жақта қалың орманның ішінде тұрыпты. Содан әлігі күйеу арақты іше беріпті. Ол жағдайды кыздың төркіндерінің де құлағына жетіпті .Әбден безері шыққан "Апамыз" бәрін тастап, төркініне аман есен оралыпты.
Келген соң төркіндері кыздан: "Маскүйеу қайда?" деп сұрапты. Қызы: Орманда қалдығ дейді.
Сөйтіп, орманда қалып, Маскүйеу атанған байғұс орысты ақырында Мәскеу деп атап кетіпті Қазақтар.
Орыстар соны Москва дейді екен.