Марат Бекетав 2009 жылы Әділет вице-министрі қызметін атқарған. Осы кезде қазіргі министрі Бекетав мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапқа тартылған.
Бұл оқиғаның сот процесі КТК арнасының архивінде сақталған.
2009 жылдың 19 маусымында Астананың жол сақшылары көлікті мас күйінде жүргізді деп сол кездегі Әділет вице-министрі Марат Бекетавтың көлігін тоқтатқан.
Бұл кезде жапондық көлікте отырған Марат Бекетаев бағдаршамның рұқсат етілмеген белгісіне қарсы жүріп, жылдамдығын арттырған. Онымен қоймай, көшеде ашық жатқан кәріздердің қақпағын басып-жаншып, басқа көліктерге де қауіп төндірген.
Басында жол сақшысына ішімдік ішкенін мойындаған вице-министр наркологиялық диспансерде сараптама жасатуға қарсылық танытқан.
Алайда 2009 жылдың шілдесінде Астана қаласы ауданаралық сотының судьясы Андрей Дигант сот ісін тоқтату туралы шешім шығарған. Яғни вице-министр кінәсіз деп танылған.
Осындай өрескел қателіктерге жол берген Марат Бекетаев мансап жолында ешқандай қиындық көрген емес. Керісінше жылдам «өсіп» отыр.
2010 жылға дейін Әділет вице-министрі болса, одан кейін бес жыл аталған ведомствоның жауапты хатшысы болды. 2015 жыдың желтоқсанынан бастап Президент әкімшілігінің жетекшісінің орынбасары болса, енді міне жаңа қызметке тағы жайғасты.
Пікір қалдыру