Қазақстанға БҰҰ арнайы елшісі келеді

/uploads/thumbnail/20170709070314508_small.jpg

2016 жылғы 14-17 қыркүйекте Қазақстанға БҰҰ-ның Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша арнайы елшісі Жан Тодт келеді, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің (ИДМ) баспасөз қызметінен хабарлады.

Арнайы елші сапарының мақсаты жол-көлік оқиғаларының санын азайту, мемлекеттік органдар, бизнес-қауымдастықтар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы стратегиялық байланыстарды реттеу, сондай-ақ Онжылдық бағдарламасын іске асыру бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ұлттық бағдарламалардың қабылдануына қолғабыс ету мәселелерін жоғары деңгейде талқылау болып табылады.

Сапар аясында мүдделі министрліктер мен ведомстволар, бизнес-қоғамдастықтар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтеді. Үкіметте, Инвестициялар және даму министрлігінде, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктерінде,  сондай-ақ Қазақстан Автомотоспорт федерациясында кездесулер жоспарланған. Сапар қорытындысы бойынша Орталық коммуникациялар орталығында БҰҰ арнайы елшісінің және министрліктер өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтетіндігі жоспарланған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар