Руанда мемлекетінің парламентіндегі 80 мандаттың 45-ін , АҚШ-тың Конгресіндегі 539 орынның 93-ін әйел шенеуніктер иеленіп отыр екен. Таиландтың топ-менеджерлерінің 45 пайызын әйелдер құраса, Ямайкада жоғары білікті жұмыс орындарының 60 пайызы әйел шенеуніктер екен. Сондай-ақ, әйел затына мансаппен өрлеуге жол бермейтін елдерде бар екен. Мәселен, Катар, Оман, Сауд Арабиясының заң шығарушы билігінен әйел затын кездестіру қиын.
Ал ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мәліметінше, Қазақстанда 2011 жылы әйелдер белсенділігі арта түскен екен. Сонымен, ҚР билігіндегі әйел шенеуніктерді тізбектесек.

Әбдіқалықова Гүлшара - ҚР мемлекеттік хатшысы

Әйтімова Бірғаным - Сенат депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы

Назарбаева Дариға - Сенат депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрайымы
Полторабатька Людмила - Сенат депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің хатшысы

Перепечина Ольга - Сенат депутаты, Қаржы және бюджет Комитетінің мүшесі

Исимбаева Гүлмира - Мәжіліс депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары

Иксанова Гүлнар - Мәжіліс депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Төрайымы

Қарақұсова Гүлжан - Мәжіліс депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің Төрайымы
Бычкова Светлана - Мәжіліс депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің Хатшысы

Аронова Ирина - Мәжіліс депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Хатшысы

Аманжолова Зәуреш - Мәжіліс депутаты Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Баймаханова Галина - Мәжіліс депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің Хатшысы
Қазбекова Меруерт - Мәжіліс депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Хатшысы

Тамара Дүйсенова - Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі