Сенатор Дариға Назарбаева журналистермен емен-жарқын сұхбат құрды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709071009701_small.JPG

Дариға Назарбаева бірінші  рет өзін президенттің мұрагері дейтіндерге жауап берді. Сенатқа бару себебі мен қызметіне қалай қарайтыны туралы ашылып сұхбат берген Дариға Нұрсұлтанқызы жарының соққысына жығылған Баян Есентаеваға жақтасатынын да жасырмады,-деп хабарлайды Qamshy.kz 31-арнаға сілтеме жасап.

Кеше Мәсімовтың он жағындағы Дариға Назарбаева бүгін сенат креслосына жайғасқан. Жаңа қызметіне қуанды ма, микрофон ала жүгірген журналистерден қашпады. Әдетте Дариға Нұрсұлтанқызына жолатпайтын көмекшілері де бүгін тым-тырыс.  Ал сенатор жұмысы көп вице-премьерліктен жайлы сенатқа, оның үстіне егде ұжымға ауысқанына қапалы емес екен. Осылай ашылып сөйлеген сенатор, алғаш рет, өзін президент мұрагері дейтіндерге де жауап берді.

ДАРИҒА НАЗАРБАЕВА, ҚР Парламенті сенатының депутаты:

- Это не сейчас, это все 25 лет независимости.

- Вы себя рассматриваете как преемника?

- Я себя рассматриваю человеком, очень верно и преданно служащим своей Родине и являющимся членом команды нашего Президента. Поэтому здесь все эти гадания, как вилами по воде, спекуляции и не более.

53 жастағы Дариға Назарбаева үш баланың анасы ретінде Ақтауда зорланған 6 жасар қызға жаны ашитынын айтты.  «Құдай басқа бермесін» деп шошынған сенатор педофилдерді өлім жазасына кесу мүмкін емес екенін мойындап отыр.

ДАРИҒА НАЗАРБАЕВА, ҚР Парламенті сенатының депутаты:

- Әрине, ана ретінде мен оны қолдаймын! Бірақ халықаралық конвенция бар. Оған бара аламайтын шығармыз. Ал өмір бақи түрмеге отырғызуға құқымыз бар.

Ана-Дариға, әйел-Дариға. Жарының соққысына ұрынған Баян Есентаеваға да жақтас екен.

ДАРИҒА НАЗАРБАЕВА, ҚР Парламенті сенатының депутаты:

- Мен әйелдерді қолдаймын! Ондай болмау керек! Нағыз азаматтар жігітпін десе, әйелдерге қол көтергені енді масқара.

Айтпақшы, Сенатор ханым бүгіннен Халықаралық қатынастар, қорғаныс пен қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып сайланды. Енді Дариға Нұрсұлтанқызы бір жыл әскери борышын өтеп келетіндерді азайтып, жедел қызмет жауынгерлерін көбейтуді қолға алмақ. Себебі жыл сайынғы түлектердің 24 мыңы жұмыссыз қалады екен. 

ДАРИҒА НАЗАРБАЕВА, ҚР Парламенті сенатының депутаты:

- Бір жылдың ішінде әрине көптеген мәселені үлгеру уақыт аз. Ондай сұрақтарды қоямыз. Бұрынғыдай екі жыл болсын деп.-Өздеріңіз, қолдайсыздар ма?

-              Қолдаймыз!

-              Журналистер қолдаса онда бәрі болады!

Қатысты Мақалалар